26.01.16

ЖЫЛЫТУДЫҢ ҚАНДАЙ РАДИАТОРЛАРЫН ТАҢДАУ КЕРЕК?

Қыс кезінде суық, жылытылмайтын бөлмеде қалып қалмас үшін қосымша шығындарсыз көптеген жылдар жұмыс істейтін сапалы, заманауи жылыту радиаторларын таңдау керек!
Жылыту батареяларын сатып алмас бұрын жылу-техникалық сипаттамаларды біліп алу, радиатордың замануи және сәнді дизайн таңдап алу керек, маңызды фактор болып таңдалған жабдықтардың бағасы табылады.
Техникалық сипаттамалардан бастайық. Бұнда ең маңызды болып секциялардың жылу шығыны саналады, мәні неғұрлым жоғары болса, соғұрлым бөлмеңіз тезірек жылынады.  Жылу шығыны радиатордың жасалу материалына байланысты, жасалудың негізгі шикізаты болып алюминий, шойын табылады.
Шойын анағұрлым төмен жылу шығынға ие және анағұрлым баяу  жылынады, алайда баяу суиды да, яғни жылыту маусымы біткен соң да жылу беруді жалғастырады.
Жылу шығыны саласындағы алдыңғы қатарлы көшбасшы болып алюминий табылады. Ерекше алюминий балқытпасынан жасалған кейбір радиаторлар 210Вт дейін шығарады!  Жылу шығыннан басқа қысымға да көңіл бөлу керек, радиаторлар ақауларды анықтау мақсатында артық қысыммен тексерілуі керек. Алюминийден жасалған құрылыстар монолитті және құрамалы болуы мүмкін. Монолитті құрылыста әлсіз ниппельді және бұрандалы қосындылар қолданылмайды, бұларды уақыт келе ауыстыру керек.
Радиатор дизайны бөлменің жалпы көрінісі үшін маңызды, балқыту әдісімен жасалған жылыту жүйелері алуан түрлі құрылысқа ие болуы мүмкін.  Біздің радиаторларымыздың үлкен артықшылығы болып тұрақты ұнтақты колермен сырлануы табылады, бұл уақыт келе жаңартуды талап етпейді. Біздің өндірісіміздің мамандары радиаторларды RAL шкаласы бойынша кез-келген түске сырлай алады, осылайша тапсырыс берушінің бөлмесінің жалпы түсіне ұқсастыққа қол жеткізіледі.
Жылыту радиаторын таңдаудың басты қағидасы ретінде секциялар бағасын айтуға болады. Итальяндық бір секцияның бағасы 2 500 теңгеге дейін жетеді, қазақстандық бұйымның орташа бағасы бір секция үшін 1 800 теңгеге дейін жетеді.
Егер сіз жоғары жылу шығыны бар жылытудың алюминий радиаторларын сатып алғыңыз келсе, онда келесі сілтеме арқылы өтіңіз немесе телефон арқылы өзіңізге ыңғайлы аймақта біздің дилерлерімізбен хабарласыңыз.