22.12.15

ЖЫЛЫТУДЫҢ БОЯЛҒАН АЛЮМИНИЙ РАДИАТОРЛАРЫ 

Қазақстан нарығында жылыту радиаторларының үлкен таңдауы ұсынылған: алюминий,  шойын, биметалды. Айырмашылығы тек секция бағасында емес, сонымен қатар жылу-техникалық сипаттамаларында. Сыртқы түрі де таңдаған кезде маңызды критерий болып табылады.
Соңғы кездері, жылыту жүйелері арасындағы танымалдылыққа түрлі түсті батареялар ие бола бастады. Интерьер түстерін үйлестіру үшін түсі жақын түске ұқсатылып таңдалады, мысалы, терезе рамасы немесе есікке. Сондықтан біздің алюминий радиаторларын жасау бойынша зауытымыз  радиаторлар топтамасын әртүрлі түсте шығара бастады.
Біздің өндірістік зауытымызда радиаторлардың боялуы тұрақты эпоксидті ұнтақты сырмен боялады, бұл уақыт келе жаңартуды талап етпейді. Сыртқы бетіне сыр бір қабатпен электр-статикалық өрісте тегіс жағылады, ары қарай өнім арнайы пеште «пісіріледі», сол жерде бұл жылтырланады.
Сырлануда келесі түстер жиі қолданады: қоңыр, қою қызыл және сұр. Біздің мамандар жылыту батареяларын ғана емес, қабырғалы  кронштейндерді RAL шкаласы бойынша радиатордың түсінен айнымай кез-келген түске боя алады. Алайда қалыпты түс ақ болып қала береді  және түсті бояу 100 секциядан артық тапсырыс берілген жағдайда ғана орындалуы мүмкін.
Жылытудың түсті алюминий радиаторына тапсырыс беру үшін сіз  жақында орналасқан дилеріміздің дүкеніне  немесе келесі нөмірлерге хабарласуыңыз керек: 8 727 338 33 16/17