АЛЮМИНИЙ РАДИАТОРЛАРЫ
Алматыда жылытудың алюминий радиаторларының көптеген түрлерінің үлкен таңдауы бар.
Бұлар тек біздің қаламызда ғана емес, сонымен қатар бүкіл Қазақстанның нарығында беделді орынға ие болды, осылайша шойын радиаторларының танымалдығынан озып кетті.
Жылытудың алюминий жүйелеріне деген бұндай қызығушылықтың артуына себеп не болды екен? Біріншісі және ең маңыздысы: тура масқаты — жылу өткізгіштігі. Алюминий сияқты бұндай жеңіл материал есебінен жылу шығыны бірнеше есе артады! Екінші себебі — бұл дизайн, өлшемдері мен салмағы. Барлығымызға белгілі, алюминий өте жеңіл, сондықтан секциялар массасы секций анағұрлым азаяды, бұл құрастыруды жеңілдете түседі. Радиатордың өлшемдері кеңістіті үйіп тастамайды, ал заманауи дизайн бөлменің жалпы көрінісін жақсартады, әсіресе егер жылытушы батареясы сіздің интерьеріңіздің түсіне боялған жағдайында.
Алюминий радиаторларының температураның өзгерісіне сезімталдылығы шойын бәсекелестеріне қарағанда анағұрлым жоғары, бұл қасиет арқылы бөлме температурасын термореттегіш көмегімен жоғарлатуға немесе азайтуға болады. Радиаторлардың орнатуы кез-келген бөлмелерде мүмкін: тұрғын бөлмелерден бастап өндірістік қоймаларға дейін. Радиаторлардың өндірісі әртүрлі осьаралық қашықтықта мүмкін. Жылыту батареясының кеңінен таралған биіктігі - 500 мм, бұл дерлік кез-келген бөлмеге келеді. Алайда жуынатын жерге орнату үшін 200 мм тең биіктік кеңінен қолданылады. Сұраныс бойынша өндірушілер стандартты емес өлшемдерді де жасай алады 200 мм-ден 700 мм немесе тіпті 800 мм-ге дейін!
Радиаторлардың өндірісі екі әдіспен жүреді:
1. Балқыту әдістері — бұл жасаудың ескі, дәстүрлі әдісі: ерітілген метал, алдын ала дайындалған формаға құйылады.
2. Экструзия әдісі — бұл заманауи және сенімді әдіс: металл белгілі формадағы болат пластиналар арқылы басылады, содан кейін бөлініп, блоктарға жиналады.
Радиаторлар әртүрлі жұмыс қысымына ие: 1,5 бастап 2,5 атмосфераға дейін. Өндірушілердің көбісі жұмыс қысымын өздерінің параметрлері мен сипаттамалары бойынша береді.
Толық техникалық сипаттамаларды біздің каталогымызда оқи аласыз.