Біз туралы

«Склад ОВ» ЖШС

2015 жылғы 19 наурыздағы №10100099157865 тіркеу туралы куәлік

Жылыту радиаторларын өндіретін  «Склад ОВ» ЖШС зауыты өз қызметін 2015 жылы бастады. Зауыт Алматы қаласында орналасқан. Бұл жерде толыққанды цех жабдықталып, ресейлік технологтардың бірлескен күш-жігерімен жылыту құралдарының заманауи сериясы әзірленді.  «TIPIDO» бренді испан тілінен аударғанда  «жылу» дегенді білдіреді, өйткені біздің радиаторларымыз жоғары қысымда жоғары жылу беру мен төзімділікке ие. Сериялық өндірісті іске қосқаннан кейін кәсіпорын қазақстандықтар үшін 50 жұмыс орнын ашты.

«Склад ОВ» ЖШС Алматы қаласы 2015-2019 жж. арналған индустриалды-инновациялық даму Мемлекеттік бағдарламасының қатысушысы болып табылады. 2016 жылдың 30 наурызда өндірістік зауытты Алматы қаласы әкімі Бауыржан Байбек аралады. Әкім отандық тауар өндірушілерді қолдауға шақырып,  «Қазақстандық компаниялардың сапалы өнім шығара алмайтындығы туралы стереотиптерді бұзу керек. Бұл заманауи кәсіпорындар, олар заманауи технологиялар бойынша жұмыс істейді», - деді.

«TIPIDO» жоғары жылу техникалық сипаттамасына сәйкес жоғары қысымда тұрақтылыққа ие заманауи өнімдерді дайындайтын, алюминий радиаторларын шығаратын отандық зауыт.  «TIPIDO» радиаторларының негізгі артықшылықтарының бірі жылу көрсеткіштері болып табылады, себебі бұл көрсеткіш жоғары болған сайын, барлық жылыту жүйесі соғұрлым тиімді жұмыс істейтін болады, бұл бөлмені жылыту кезінде үнемдеуге алып келеді. Биік үйлердегі жылу тасымалдағыштың дұрыс айналымы үшін жылыту жүйесіндегі қысымды арттырады, бұл қосылыс орындарында үзілуге әкелуі мүмкін және бұл радиаторлардың ағуының негізгі себебі болып табылады. Біздің радиаторлар сенімсіз ниппельді және бұрандалы қосылыстарды болдырмайды, сондай-ақ жылу жүйесін іске қосу кезінде гидравликалық соққылар қысымынан да, асып түсетін жоғары қысымды тексеруден өтеді.

Жылу техникалық сипаттамаларын тексеру үшін «TIPIDO» радиаторлары  Қазақстанның Мемстандарт жүйесі бойынша тексеруден және сертификаттаудан өтеді. Біз өндірістік зауыт болғандықтан, жылыту радиаторларын жеке өлшем бойынша жасай аламыз. Мысалы, еден мен терезенің арасындағы кеңістік өлшемі стандартты емес болса. Мұндай жағдайда біз кез келген биіктігі 200 мм-ден 800 мм-ге дейін, сондай-ақ 3-тен 21 секцияға дейін радиаторларды жасай аламыз.

Бідің радиаторларымыз барлық міндетті сертификаттаудан өтті және растайтын құжаттары бар. Өнімдегі қазақстандық қамту үлесі 95,5% құрайды, бұл CT-KZ шығу тегі туралы сертификаты растайды. Зауыттың өндірілетін өнімі Қазақстан нарығында импорт алмастыруды жүргізуге мүмкіндік береді, бұл Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында маңызды бағыт болып табылады.

2018 жылы желдеткіш торлар өндірісі басталды. Біз қазақстандық алюминийден әртүрлі үлгідегі торларды жасаймыз: ішкі RAG және RAR, сыртқы EAL, RAD және SAD төбелік диффузорлар, RLD саңылауды жинайтын диффузор. Сондай-ақ, торларды стандартты емес қадаммен жасауға болады. Торлар ұнтақты себу әдісімен ақ түске боялады. Тапсырыс жасаған кезде торды RAL каталогы бойынша кез келген түске бояуға болады. Қазіргі уақытта бүкіл Қазақстан бойынша біздің кең дилерлік желіміз бар. Біздің өндірістің өнімді республиканың кез келген қаласында сатып алуға болады.

«Склад ОВ» ЖШС  «AquaTherm Almaty»,  «Machine World»,  «Қазақстанның үздік тауары»,  «UzstroyExpo» т.с.с. сияқты ҚР аумағында және таяу шетелде өткізілетін  іс-шаралар мен көрмелерге үнемі қатысады.

«TIPIDO» жылыту радиаторларын өндіру кезеңдері


ЗАУЫТ ДИРЕКТОРЫ

Александр Болдырев - Алматыдағы бизнесмен,  «TIPIDO» брендімен жылу радиаторын шығаратын зауыттың негізін қалаушы. Оның арқасында Алматыда сапасы әлемдік бренд тауарларынан кем түспейтін жылу құралдарын дайындайтын зауыт пайда болды.